Жексенбі, 17 Қараша 2019

Елбасының жолдауын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығын модернизациялау бөлігінде басқармамен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша  2012-2013 жылдар  аралығында конкурстар арқылы ауыл шаруашылық мақсатындағы 477,2 мың га  жер пайдалануға берілді, оның ішінде  2012 жылы – 141,6 мың га.

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының 2011 жылғы 17 сәуіріндегі хаттамасын іске асыру мақсатында 2011 жылы  ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары  бойынша пайдаланылмай жатқан  381,6 мың га жер анықталды. Қолданған шаралар нәтижесінде 244,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 191,5 мың га жері жаңа жер пайдаланушыларға берілді.

Сонымен қатар, 2012 жылы пайдалануға берілген  жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеудің нәтижесі бойынша 2012 жылы  (Талғар, Іле, Балқаш, Кербұлақ, Көксу, Ұйғыр) аудандары бойынша 94,1 мың га пайдаланылмай жатқан жерлер анықталып, оның 18,4 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ағымдағы жылы аталған жұмыстар 5 ауданда (Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Ақсу, Панфилов, Ескелді) жүргізіліп жатыр. Түгендеу жұмыстарының аяқтау мерзімі 2013 жылдың қараша айына дейін жоспарланған.

Облыс аумағында жерлерді  түгендеу жұмыстары  2014 жылы барлық аудандар мен қалаларда толығымен аяқталады. Аталған жұмыстар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда.

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылдың қорытындысы

Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019 00:00
Облыстың жер қоры 22 млн.358 мың 432 гектар жерді құрайды, оның 8 млн.621 мың 061 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде егістігі - 1 млн.015 мың 192 гектар, оның…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жер қатынастары басқармасының атқарған жұмысы бойынша ақпарат  Облыстың жер қоры 22 млн.358 мың 432 гектар жерді құрайды, оның 8 млн.621 мың 061 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде егістігі…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Облыстың жер қоры 22 млн.358 мың 432 гектар жерді құрайды, оның 8 млн.621 мың 061 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде егістігі - 1 млн.015 мың 192 гектар, оның…