Жексенбі, 17 Қараша 2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына 1-қосымша

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына және 29-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.

2. Конкурс «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.

3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.

4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.

5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс, функциялары, өкілеттіктері мен штат саны өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық пен аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.  

Толығырақ...

2018 жылғы 27 желтоқсанында Алматы облысының жер қатынастары басқармасымен өткізілген «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың ТІЗІМІ
/мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс/

Жердің құқықтық қатынастары бөлімінің бас маманы -  Д-О-4 санаты

1. Дамира Турарбековна Абишева

Алматы облысының жер қатынастары басқармасы
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
2018 жылғы 27 желтоқсанындағы сағат 16-00-де өткізілетін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ

Жердің құқықтық қатынастары бөлімінің бас маманы - /Д-О-4 санаты/

1. Дамира Турарбековна Абишева