Жексенбі, 20 Қазан 2019

2018 жылдың 26-желтоқсанында облыстың жерге орналастыру қызметінің 2018 жылғы жұмысының қорытындысы және 2019 жылға арналған міндеттері туралы жиналыс өткізілді

Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 00:00
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылдың 26-желтоқсанында жер қатынастары, сәулет және қалақұрылыс, жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы, аудандық және қалалық жер қатынастары бөлімдерінің қатысуымен жерге орналастыру қызметінің 2018 жылғы жұмысы туралы жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында нысаналы мақсатымен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы және өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлерін түгендеу, жер қойнауын пайдалану мақсаттары, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жерлерді ресімдеу, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларды электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері талқыланды.

2019 жылға арналған міндеттер қойылды.

Оқылды: 181 рет