Жексенбі, 17 Қараша 2019
Сұрақ қосу
Сәлеметсіз бе! Менің 20.02.2019 жылғы жазған электронды хаттыма қашан жауап қайтарасыздар? Менің мәселемді шешіп берсеңіздер екен?! Құрметпен Алғазы Маржан Рамазанқызы
Сәлеметсіз ба! Егер 2018 жылы Жаркент қаласында алаңдардың дайын болуына қарай кезекте тұрған алғашқы 380 азаматтарға жер учаскесі бөлініп берілген, болса менің кезегім яғни, 3641 кезек неге жылжымайды? 3641-380=3261 кезекке жылуым керек емес пе? www.panfilov-akimat.gov.kz сайтында 2017 жыл 3641, 2016 жыл 3641 болып тұрмын, 2018 жыл кезектілікті түгендегемен? Ал қазір 2019 жылдың 1 кварталы аяқталуға 1 ай қалды? Мен жас отбасымын, менің кезегім жылмымаса, мен мемлекеттен тегін участкі алуға үміттенбесемде болама? Кезектілік қай уақытта жылжыйды, мен қай уақытта тегін жер учаскесін алып, ұй тұрғызамыз?
Сәлеметсіз ба! Мен 12.02.2014 жыл 3641 болып Панфилов ауданы Жаркент қаласына жер кезегіне тіркелгенмін, содан бері нақтылап айтсам 05.02.2019 жыл аралығана дейін мен кезегім жылжымаған. ҚР Жер кодексінің 14 бап 1 тармағының 16-5 тармақшасына сәйкес Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы 3 қағидасы Арнайы есепке қою 31. Жерді бөліп беруге арналған алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезектілік тізімдері ашық болып табылады, оларға қолжетімділікті жергілікті атқарушы органдар тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стенділерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етеді,- деп көрсетілген. Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімне хабарласқанымда жеручаскесі беріліп жатыр деген, егер жер учаскесі берілсе яғни кезек жылжыуы керек емес пе, ал кезек әлі жылжымай тұр? Сізден осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын? Құрметпен
Сәлеметсіздер ме? менің сіздерге қояр сұрағым мынадай: Менің алматы облысы, талғар ауданында жер учаскемді заңдастыру барысында зем,проект жасадым барлық мекемені аралап жүріп бегунокты қойдырдым ең соңында жер қатынастар бөліміне өткіздім, Алайда, жер қатынастар бөлімінің басшысы қол қоятын жерде факсимелька мен жасалған қол қойылып тұр. бірақ мөр оригинал. Бұл қалай болғаны сонда қол қоятын жерге факсимелькамен қоя берсе болады ма? мән-жайды білу ұшін жер қатынастар бөліміне барсам ол жақтагы терезе де құжат қабылдап отыратын қыздар: Сізге бәрі бір есем па ең бастысы құжатыңыз қолыңызда тұр болды ғой деп дөрекі жауап берді де терезелерін жауып қойды. Басшысына кірейн десем орнында жоқ болып шықты, хатшы қыздан сурасам ол да : бастықтың уақыты жоқ, күніне 1000 қағазға қол қойып отырмайды деп тоже грубы жауап берді. терезеде отырған қыздардың аты жөнін біле алмай кеттім сол бойы. Жер қатынастар бөлімінде жұмыс жасайтын қыздардың аты жөнін білсем облыс әкіміне жалоба жазамын. Егер облыс әкімі түк шеше алмайтын болса астанаға жазамын бұл маселені жай қалдырмаймын.
Cәлеметсіздер ме! менің сіздерге кояр сурағым мынадай менің талғар ауданында жер учаскем бар алайда ол учаскенің нысаналық мақсаты: дүкен, техникалық жөндеу орталы, көлік жуу бірақ мен осы жердің нысаналық мақсатын ғимарат пен құрылымдар обьектісінің құрылыс және оған қызмет көрсету үшін деп ауыстыра аламын ба? егер ауыстаратын болсам мен кайтадан кадастрлық бағалау кұнын төлеуге міндеттімін ба?
Ащыбұлақ ауылдық округінің әкіміне қояр сұрағым бар. Сәлеметсізбе!Әкім мырза!менің сізге сұрағым, барлығы қоятын жол мәселесі, сіз өзіңіз осы аулындағы улкен Астана көшесімен жүріп көрдіңізбе? Бұл көшемен қазір жеңіл көлік былай тұрсын, улкен жүк көліктер жүру қиынға соғуда.Күннен күнге жолмен өту, жүру өте қиын. Жолдың бойында үш бірдей улкен мектептер бар, бес минуттық жерге жарты сағат уақыт кетеді. Сізден сұрарым қашан жол жасалынады???? жауап кітемін.
Ассалаумағалейкум! Менің Талғар ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскем бар. 2012 жылы аталған жер учаскенің нысаналық мақсатын шаруа қожалығын жүргізуден өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін ауыстырған болатынмын. Алайда, сол жылы ақшам болмай кадастрлық бағалау құнында көрсетілген сомманы төлемедим. Нысаналық мақсатын өзгерту туралы қаулым бар. Сұрақ: енді осы кадастрлық бағалау құнында көрсетілген сомманы толесем ары қарай құжатымды зандастыра аламын ба? Немесе жаңадан кадастрлық бағалау құнын жасатуым керек па?
Тұрғын үй салу үшін, жер телімін ала аламынба? Және қайдан? Қайда барып өтініш беруім керек?
Қайырлы күн! Менің сұрағым - Қазақстан Республикасының жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, елді мекен шегінде объект салу үшін сұранылатын жердің көлемі шектелінуі мүмкін ба? Шектелінсе қандай себептермен? Инженерлік жүйелері болмаған жағдайда жер беруге келісім бермеу орынды ма, бұл жеке тұрғын үйге арналған жер емес, кәсіпкер адам өз күшімен инженерлік жүйені қалыптастыруға мүмкіндігі бар болса да келісім бермеу орынды бола ма? Осы сұраққа жауап бергеніңізге алдын ала Улкен рахмет!
Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округы Жомарт саяжайының тұрғыны Ахмадиев Нұрлан 2006 ж бау-бақша кітапшасымыен жер сатып алғанмын, соған мемлекеттік АКТ жасауға рұқсат бермей жатыр. Соны қалай заңдастыруға болады? Біздің саяжайда 1500 ге жуык отбасы тұрады. Солардың көпшілігінде заңды мемлекеттік АКТ жоқ. Президенттің заңсыз мүлікті легализациялау туралы бұйрығына байланысты, неге заңдастырмайды? жергілікті мемлекеттік жер кодастр басқармасы неліктен халықпен санаспайды? Құжаттарды заңдастыру жағын созбалап, кешеуілдете береді. Осы жағын заң тұрғысынан сұрастыруларыңызды өтінемін.
powered by smfaq